Қазақстандық судья отбасына қолғабыс етіп жүрген студентті ақтап шықты

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 11:16 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы студенттің сотта жауап берген сәті түсірілген бейнежазба кеңінен тарауда. Жігіт заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыппен сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып жүрген студент заңсыз такси қызметімен айналысқанын мойындады. Ол стипендия алмайтынын, ал оқу ақысы отбасы үшін қомақты қаражат екенін айтты.

"Мен жұмыс істедім, себебі оқу ақысын төлеуім керек болды. Биыл 233 мың теңге төлеуім керек. Оны өзім төлегім келген, өйткені анамның жалақысы үш есе аз. Оның жалақысы – 85 мың теңге. Анам мені көптен бері жалғыз өзі тәрбиелеп келеді", – деді студент соттағы бейнежазбада.

Оның айтуынша, өзі анасымен бірге пәтерде тұрады және қолынан келгенше анасына көмектесуге тырысады.


"Көбіне көлікті мен жүргіземін, кейде атам ауылға алып кетеді. Бұл – отбасылық көлік. Онымен анамды жұмыстан алып қайтамын, әжем мен атамды ауылға апарамын. Көлік бізге өте қажет. Қазір ол тоқтап тұр, бәрі алаңдап отыр", – деп ағынан жарылды ол.

Нәтижесінде, судья жігітті ақтап шықты, тек ауызша ескерту жасаумен шектелді. Ал студент көзіне жас алып, бұл әрекетінің заңсыз екенін, кәсіпкерлікпен айналысу үшін арнайы тіркеу қажет екенін білмегенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда тіркелмеген кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқан адамға 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады, ол мүлікті тәркілеумен немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкін. 2025 жылғы есеп бойынша, 15 АЕК шамамен 58 980 теңгені құрайды.

Кей жағдайларда, заңсыз табыс табуға пайдаланылған көлік тәркіленуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай құқықбұзушылықтар әкімшілік базаға енгізіледі, бұл болашақта мемлекеттік гранттарға, визаларға, несиелерге өтініш беруді қиындатуы мүмкін.

Бұған дейін Алматыда заңсыз салынған 100-ден аса нысан сүрілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: