Тоқаев Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
Осыдан кейін "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.

Сурет: akorda.kz
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript