Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасалды: синоптиктер ашық ауада ұзақ болмауға кеңес береді

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 11:17 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның үш қаласында 14 қазан күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауада болу уақытын шектеу ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратты.

"2025 жылғы 14 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы қалаларында, түнде – Атырауда күтіледі", – делінген сейсенбі күні жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы, олар зиянды заттардың жерге жақын ауа қабатында шоғырлануына әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай кезде тұрғындарға жол маңы мен өнеркәсіптік аймақтарда ұзақ уақыт болмауға, ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.

Бұған дейін синоптиктер 14 қазан күні Қазақстан аумағында қандай ауа райы болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: