Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 10:21 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілуде. Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауада серуендеуді шектеу ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМЖ туралы тиісті ескерту ҚР "Қазгидромет" РМК сайтына жарияланған:

"2025 жылғы 3 желтоқсанда Актөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) комбинациясы, нәтижесінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластандыратын) заттар жиналуы мүмкін.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдарға немесе басқа ластанудың көзіне жақын жерде уақыт өткізуді азайтулары ұсынылады. Сондай-ақ, созылмалы тыныс жолдары, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада болғанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алуы керек.

Алдын ала болжам бойынша, Қазақстанның көп бөлігін тұман мен тоңазыған жаңбыр (мұздау) жауып, көлік қозғалысы мен жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: