Алматы әуежайында жанармай таситын көлік Lufthansa ұшағымен соқтығысты
Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайында тұрақтан шыққан жанармай құю көлігі Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағымен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 01:25-те, әуе кемесіне жанармай құю аяқталған соң болған. Инженерлік қызмет тексерісі кезінде ұшақ қозғалтқышының қаптамасында ұсақ беткі сызаттар анықталған.
Қажетті техникалық тексерістерден кейін ұшақтың ұшуға рұқсат етілді.
Қазір әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп жатыр.
"Жолаушылар мен экипажға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әуежай жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігі – біздің басты басымдығымыз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әуежайларында шекаралық бақылаудан өту тәртібі бекітілгенін хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript