Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерге келушілер саны аптасына 50 мың адамға жетті

Алматыда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне келушілер саны артып, аптасына 50 мың адамға дейін жетті. Бұл туралы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 11:23 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне келушілер саны артып, аптасына 50 мың адамға дейін жетті. Бұл туралы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.

Мегаполисте демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге Алматы мен облыстың фермерлері қатысып, жаңа піскен және сапалы өнімдерін ұсынады. Биыл жәрмеңкеге қатысатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің саны 10 пайызға өсіп, 330 кәсіп иесіне жеткен. Тұрғындарға мыңнан астам түрлі өнім тікелей өндірушілерден жеткізіледі. Бұл бағаның нарықтағы деңгейден төмен болуына мүмкіндік беріп отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, келушілер санының өсуіне Жетісу ауданында ашылған жаңа жәрмеңке де әсер еткен. Қазір мұндай сауда алаңдары Алмалы, Бостандық, Әуезов, Медеу және Жетісу аудандарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сұраныстың артуына байланысты келесі аптада Алмалы ауданында жаңа жәрмеңке ашу жоспарланып отыр. Өтетін орны туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:

  • Алмалы ауданы: Масанчи көшесі (Гоголь – Әйтеке би арасы);
  • Бостандық ауданы: Қазақфильм шағынауданы, Исиналиев көшесі;
  • Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылынан төмен;
  • Медеу ауданы: Мендікұлов бульвары мен Бектұров көшесінің қиылысы;
  • Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2-үй.

Сондай-ақ жаңа өнімдер қаладағы ірі сауда желілерінде де қолжетімді бағамен сатылуда. "Береке Fest" республикалық акциясы аясында отандық өндірушілерге арнайы сауда аймақтары бөлінген.

Бұл бастама өнім бағасын төмендетуге, отандық өндірісті қолдауға және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Акция аясында Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, "Алматы" ӘКК және Magnum, Small, Toimart сауда желілері арасында меморандумдарға қол қойылған. Құжаттар бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 10 пайыздан аспайды.

"Береке Fest" акциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: