Астанада Республика күніне орай кейбір тұрғындарға бір реттік төлем төленеді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 15:59 Фото: Zakon.kz
Астанада Республика күніне байланысты әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға бір реттік ақшалай көмек төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін мемлекеттік мереке қарсаңында мұқтаж жандарға 4,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 17 694 теңге көлемінде бір реттік көмек қарастырылған. Бұл туралы Astana TV арнасы мәлімдеді.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бұл төлемнің жылына бір рет қана, тек бір негіз бойынша – ең жоғары сомаға сәйкес келетін санат бойынша ғана тағайындалатынын нақтылады. Яғни, егер адам бірнеше санатқа кіретін болса, тек біреуіне ғана, соның ішінде ең жоғары сома қарастырылғаны бойынша төлем жасалады.

"Бұл көмек – елдің басты мемлекеттік мерекесі қарсаңында әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтарға қосымша қолдау шарасы", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ақмола облысында заңсыз еңбек мигранттары анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: