18 қазанда Қазақстанның бір бөлігінде үсік пен жауын-шашын күтіледі
Сурет: pixabay
Синоптиктер сенбі, 2025 жылғы 18 қазан күнгі ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, түнде елдің екі өңірінде үсік жүреді:
- Қызылорда облысының солтүстігінде –2°С дейін;
- Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде –1-3°С дейін.
"Ауқымды антициклон республика аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды — сол жерлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ал еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде тұман түсуі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар бірнеше облыста өрт қаупі жоғары екені ескертіледі:
- Жоғары өрт қаупі — Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде күтіледі.
- Төтенше өрт қаупі — Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік және шығыс), Жамбыл (батыс пен солтүстік), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық), Алматы (солтүстік), Қостанай (оңтүстік), Батыс Қазақстан және Ұлытау (оңтүстік) облыстарында болжанып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript