Жаңалықтар тізбегі
0

14 шілде күні Қазақстанның қай аймағында жауын-шашын болады

14 шілде күні Қазақстанның қай аймағында жауын-шашын болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 16:50 Сурет: unsplash
Синоптиктер 14 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Синоптиктердің болжауынша, республикада жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 9-14 метр, күндіз екпіні секундына – 15-20 метр болады. Ауа температурасы – түнде +21+23°С, күндіз – +30+32°С ыстық.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына – 0-5 метр. Ауа температурасы түнде – +23+25°С, күндіз – +36+38°С ыстық.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 8-13, 15-20 метр. Ауа температурасы түнде – +22+24, күндіз – +35+37°C ыстық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: