Қазақстан мен Ресей қылмыскерлерді іздеу бойынша бірлескен операция өткізді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 11:12 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 15–16 қазан аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері аумағында "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов атап өткендей, Қазақстанға Ресей ІІМ-нің іздестіру топтары келіп, бірлескен операциялар жүргізген.

Сонымен қатар, Қазақстанның Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жедел топтары да Ресей аумағына барып, осындай іздестіру іс-шараларын атқарған.

"Мәселен, Ақтөбе облысында Мәскеу полициясы іздеп жүрген Тәжікстан азаматы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Новосібір облысында Павлодарда қарақшылық қылмыс жасап, 19 жылдан астам Ресейде жасырынып келген Қазақстан азаматы қолға түсті", – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Бұдан бөлек, Мәскеуде Алматы мен Ақтөбеде 100 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған 33 жастағы қазақстандық ұсталды. Ал Шымкентте жергілікті тұрғын қаладағы ломбардтардың бірінің 1 миллиард теңгеден астам мүлкін иемденгені үшін қолға түсті.

"Сонымен қатар Алматы облыстық ПД іздестіру тобы Өзбекстанда үш қылмыскерді ұстады. Барлығы екі күн ішінде жүргізілген операция барысында 286 қылмыскер анықталып, ұсталды. Сондай-ақ 55 із-түзсіз жоғалған адам, соның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала табылды", – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, 17 қазанда Дубайда Lenovo компаниясының директорын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінген қазақстандық азамат ұсталды. ІІМ мәліметінше, қылмысқа техниканы жеткізу бойынша алынған қарыз міндеттемелерін орындамау себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: