Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Дата, даты, календарь, праздники, праздник, праздничные дни, праздничные выходные, выходной, выходные, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 13:46 Фото: pexels
Бүгін, 20 қазанда, Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың күзгі демалыс күндерінің ұзақтығын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан өз мәресіне жетіп келеді.

"Күзгі каникул 7 күнге созылады — 27 қазаннан бастап 2 қарашаға дейін (қоса алғанда)", — делінген Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Министрлік мәлім еткеніндей, оқушылардың демалысын тиімді әрі қауіпсіз өткізу, сондай-ақ олардың тұлғалық дамуын қолдау мақсатында "Адал азамат" атты бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Бағдарлама аясында келесі бағыттар қамтылады:

  • "Балалар кітапханасы" жобасы бойынша "Кітап оқимыз демалыста" атты шара;
  • Қауіпсіздік сабақтары: "Буллингтен қорған" тренингі;
  • Мектеп театрларының жұмысы.
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең маңызды мәселе болып қала береді. Осы мақсатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ата-аналармен бірлесіп қауіпсіздік ережелерін сақтау, көшеде және үйде қауіпсіз мінез-құлық, өрт және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару ұсынылады", — делінген министрлік хабарламасында.

Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шараларды оқу ұйымдарына әдістемелік нұсқаулық ретінде жолдағанын атап өтті.

Еске салсақ, 2025 жылдың 28 шілдесінде Қазақстан мектептеріндегі оқу және демалыс кезеңдерінің мерзімі бекітілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: