Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады

Канцелярские товары, канцтовары, дополнительные кружки, секции, занятия, школа, творчество , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 10:17 Фото: akorda.kz
Үшінші, ең ұзақ тоқсан (10 оқу аптасы) аяқталуға жақын. Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 2025 жылдың 21 наурызы мен 31 наурызы аралығында басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көктемгі демалыста оқушылар жалпы саны 11 күн демалады.

Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталып, 8 оқу аптасына созылып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 21 мыңға жуық талапкер тапсырғанын хабарлаған болатын. Тестілеудің бірінші аптасында ең жоғары нәтижеге 135 балл жинаған Абай ауданының оқушысы қол жеткізді.

Наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге барлығы 163 мыңға жуық талапкер қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: