Қазақстан медицинасына жасанды интеллект еніп жатыр
Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Сенаттағы отырыс барысында денсаулық сақтау саласын цифрландырудың негізгі кезеңдерінің бірі ретінде Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.
Министрдің айтуынша, қазір жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдалану арқылы бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда:
- "ЖИ-терапевт" – алдын ала диагноз қоюды автоматтандыруға арналған;
- Талдау нәтижелеріндегі ауытқуларды анықтайтын агент;
- Медициналық қызметтердің негізділігін бақылау агенті.
"Денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформацияның негізгі жобасы – Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізу. Ол елдегі 90% медициналық ұйым арасында деректердің электронды алмасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 85% азамат электронды денсаулық кабинетін пайдалана алады, ал телемедицинамен ауылдық жерлердің 70%-ы қамтылады", – деді Жаслан Мадиев.
Министрдің айтуынша, бұл жүйе медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, емдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Жаслан Мадиев Қазақстанда 10 тұрақты даму мақсатына (ЦУР) қол жеткізуге бағытталған 20 цифрлық трансформация картасы бекітілгенін хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript