Астанада аяз, Шымкентте 27 градусқа дейін жылы болады – синоптиктердің 21–23 қазанға арналған болжамы

Заморозки, первый снег, осень в горах, похолодание, туман, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 16:33 Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде ауа райы айтарлықтай өзгеше болады. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, Астанада түнгі аяз -7°С дейін түссе, Шымкентте күндіз +27°С дейін жылу сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

21 қазан: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +10...+12°С.

22 қазан: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде -5...-7°С, күндіз +9...+11°С.

23 қазан: бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде -3...-5°С, күндіз +9...+11°С.

Алматы

21 қазан: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +5...+7°С, күндіз +17...+19°С.

22 қазан: бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +7...+9°С, күндіз +18...+20°С.

23 қазан: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +8...+10°С, күндіз +20...+22°С.

Шымкент

21 қазан: аздаған бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +6...+8°С, күндіз +22...+24°С.

22 қазан: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8–13 м/с. Түнде +8...+10°С, күндіз +23...+25°С.

23 қазан: бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8–13 м/с. Түнде +10...+12°С, күндіз +25...+27°С.

Синоптиктердің айтуынша, антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады, алайда түнгі және таңғы уақытта тұман мен аяз күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: