Елде медициналық кадрлар жетіспеушілігі азайды

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 09:03 Фото: pixabay
2025 жылы елдің медициналық жоғары оқу орындары 10,5 мың маманды дайындап шығарды, олардың 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға бөлінді – бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып, биыл 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. 2024 жылдың қазан айынан бері 16 тапшы мамандық бойынша ауылдарда жұмыс істеп жүрген 254 дәрігер 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алды. 2025 жылы тағы 105 маманға осындай қолдау көрсетілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта санатты медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға азайды. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығы 17%-ға төмендеді.

1 қыркүйектен бастап алты негізгі бағыт бойынша (оның ішінде терапия, педиатрия және хирургия) интернатурада, сондай-ақ педиатрия бағытындағы 14 мамандық бойынша резидентурада оқыту басталды.

Дәрігер мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беру пәндерінің көлемін қысқарту есебінен базалық пәндерге бөлінетін оқу жүктемесі 10 кредитке ұлғайтылды.

Оқу бағдарламаларының сапасы көтерілді, базалық пәндердің үлесі артты, сондай-ақ мамандарды даярлауға халықаралық стандарттар енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, 1 қыркүйектен бастап Қарағанды медициналық университеті мен Қазан федералдық университеті арасында алғаш рет екі диплом бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша 70 студент оқуға қабылданды. Сондай-ақ Пәкістан медициналық университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталуда.

Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлеріне қол көтеру оқиғаларына қатысты Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу бастамасы көтерілді. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленді: медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылды. Сондай-ақ мемлекеттік медициналық ұйымдардың 98%-ы және жекеменшік ұйымдардың 76%-ы жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасты.Бұған дейін Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату ережелерінің өзгеретіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: