Қазақстанда 30 миллионнан астам күмәнді қоңырау бұғатталды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 10:01 Фото: freepik
Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері 30 миллионнан астам күмәнді қоңырау бұғатталды. Бұл туралы 2025 жылғы 21 қазанда өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, алаяқтықпен күрес мақсатында байланыс операторларына жаңа талаптар енгізілген.

"Абоненттерді биометриялық сәйкестендіру, фродты (алаяқтық әрекеттерді) рұқсат етілмеген трафикпен теңестіру, байланыс операторларының антифрод жүйелерінің Ұлттық банкпен өзара іс-қимылын реттеу көзделген", – деді Мадиев.

Сонымен қатар GSM-шлюздерді әкелу мен тіркеу ережелері қабылданып, бір абонентке тіркелетін нөмірлер саны шектелді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылдың басынан бері 30 миллионнан астам күмәнді қоңырау бұғатталды", – деп атап өтті министр.

Бұған дейін Жаслан Мадиев 2026 жылға дейін еліміздің барлық өңірін ұялы байланыспен толық қамтуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: