Астанада көлік пен ондағы заттарды ұрлаған екі күдікті ұсталды

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 12:39 Фото: Zakon.kz
Елорда полицейлері сұр түсті Nissan Primera маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі жігітті ұстады.

Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан құрылыс құралдарының жоғалғаны анықталды. Ұрланған заттардың арасында Denza дәнекерлеу аппараты, 70 метрлік кабель-ұзартқыш, Скат перфораторы, сондай-ақ Crown бұрғысы мен бұрыштық тегістеуіші болған.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады.

"Қылмысты тоқтату" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке тұлғалары анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция көлік иелеріне машинаны күзетілмейтін аумақтарда қалдырмауға, көлікте құнды заттарды ашық жерге тастамауға және күмәнді жағдай туындаған жағдайда "102" нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: