Астанада смартфон ұрлаған күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 16:46 Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері ұрлық дерегі бойынша 24 жастағы жігітті анықтап, ұстады.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан ғимараттардың бірінде болған кезде, еркін қолжетімділікті пайдаланып, қара түсті iPhone 15 Pro Max телефонын жасырын түрде ұрлағаны белгілі болды.

Аталған телефон абоненттік нөмірімен бірге қолды болған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 700 мың теңгені құрайды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды.

Жиналған дәлелдемелер негізінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ұрлық бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке заттарын қараусыз қалдырмауға және сақтық шараларын күшейтуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: