Астанада зейнеткерге қатысты алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 13:43 Фото: Zakon.kz
Елордада телефон арқылы жасалған алаяқтық дерегі тіркелді. Қылмыстың құрбаны 78 жастағы қала тұрғыны болды.

Анықталғандай, белгісіз ер адам зейнеткерге бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, өзін Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған.

Алаяқ күмәнді қаржылық операциялар анықталғанын айтып, ақшаны "сақтау" үшін беру қажет екеніне сендірген.

Алаяқтың нұсқауын орындаған жәбірленуші 6 млн теңгені такси курьеріне табыстаған. Кейін курьер қаражатты белгісіз тұлғаға берген. Біраз уақыттан кейін әйел адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінген. "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда. Полиция азаматтарды қырағы болуға және ақшалай қаражатты үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан қолма-қол ақшаны курьер арқылы беруді талап етпейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: