Алматыда мердігер компания құрылыс лицензиясынан айырылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы "AsiaMax" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген құрылыс лицензиясының қайтарылғанын хабарлады.
Аталған мердігер ұйым Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі сыртқы кәріз желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген болатын.
Алайда жоба мерзімі ұзаққа созылып, тұрғындарға қолайсыздық туғызу сынды мердігер бірқатар кемшілік жіберген.
Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде жобалық шешімдерден айтарлықтай ауытқулар мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмағаны анықталды.
Осыған байланысты мердігерге әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде міндетті нұсқама берілді. Сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысу құқығынан айырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript