Аяз бен жаңбыр: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы бұзылады

Аяз бен жаңбыр: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы бұзылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 17:08 Сурет: pexels
Синоптиктер 2025 жылдың 22 қазаны, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, елдің басым бөлігінде солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Тек республиканың батысында Солтүстік-батыс циклонының ойысы әсерінен жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауады.

Сондай-ақ ел аумағында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, ал батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жел күшеюі ықтимал.

Түнде солтүстікте және Жетісу облысының орталығында -1…-3°С дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында және Абай облысының оңтүстігінде күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында), Жамбыл (батыс және солтүстік аудандарында), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде), Алматы (солтүстік аймақтарында), Қостанай (оңтүстігінде), сондай-ақ Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: