Қар, боран және көктайғақ: 10 желтоқсанда Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы қолайсыз болады

Қар, боран және көктайғақ: 10 желтоқсанда Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы қолайсыз болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 17:31 Сурет: pexels
"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 10 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның қай аймақтарында ауа райы қолайсыз болатынын Zakon.kz хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді, ал кей жерлерде қалың қар түседі.

"Солтүстік антициклонының әсерінен қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытқанын жазған едік. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: