Қазақстанда 12 желтоқсанда боран мен екпінді жел соғып, көктайғақ болады

Қазақстанда 12 желтоқсанда боран мен екпінді жел соғып, көктайғақ болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 19:46 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" мамандары 2025 жылғы 12 желтоқсан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер қай өңір тұрғындарына қолайсыз ауа райына дайын болу керегін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының ойысы мен оған қатысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшейіп және тұман түседі.

"Солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында боран болады, ал оңтүстікте, батыста және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Сонымен қатар солтүстік антициклонның ықпалымен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Ал Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: