Жетісу облысында полицейлер сұңқарды заңсыз ұстаған азаматты анықтады

Жетісу облысында полицейлер сұңқарды заңсыз ұстаған азаматты анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 17:20 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Кербұлақ ауданының тұрғынын ұстады. Ол өз үйінде екі сұңқар мен қолдан жасалған ау ұстағыш торды заңсыз сақтап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сұңқар – еркіндіктің, биіктіктің және кең даланың символы. Алайда бұл айбынды құстар да кейде адам құрбанына айналады. Жақында полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының арқасында заңсыз ұсталған сұңқарлар босатылды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Аталған жағдай бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәркіленген құстар арнайы мамандардың қарауына беріліп, қазіргі уақытта олардың жағдайы бақылауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: