Алатау қаласында қоқыс полигонын ретке келтіру жұмыстары басталды: мәслихат шешімінің жобасы дайындалды

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысының Алатау қаласы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс таулары жиналып, 2025 жылдың 15 қыркүйегінде ірі өрт шыққан еді. Тілсіз жауды сөндіру бірнеше күнге созылған.  Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері, Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімінің жауынгерлері, «Қазселқорғау», Алматы қаласы ТЖМ Құтқару қызметі, Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, барлығы шамамен 150 адам мен 70-тен астам техника жұмылдырылған.  Бұл оқиға аймақтың экологиялық жағдайына және ауа сапасына теріс әсерін тигізген., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 09:56 Сурет: Zakon.kz
Алатау қаласы әкімдігінің "Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы" шешім жобасы әзірленді.

Жобаға сәйкес, коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер бекітіледі.

Сонымен қатар құжатта мынадай шаралар қарастырылған:

  • қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату қызметтерін үздіксіз әрі сапалы көрсету;
  • қалдықтарды шығару және өңдеумен айналысатын ұйымдарды қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан тиімді тетігін қалыптастыру;
  • елді мекендердің санитарлық жағдайын сақтау және рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындардың алдын алу;
  • экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсерін азайту.

Құжаттың қабылдануы Алатау қаласының санитарлық және экологиялық жағдайына оң әсер етіп, коммуналдық қалдықтарды тұрақты басқаруға жағдай жасайды деп күтілуде.

Шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында 6 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысының Алатау қаласы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс таулары жиналып, 2025 жылдың 15 қыркүйегінде ірі өрт шыққан еді. Тілсіз жауды сөндіру бірнеше күнге созылған.

Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері, Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімінің жауынгерлері, "Қазселқорғау", Алматы қаласы ТЖМ Құтқару қызметі, Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, барлығы шамамен 150 адам мен 70-тен астам техника жұмылдырылған.

Бұл оқиға аймақтың экологиялық жағдайына және ауа сапасына теріс әсерін тигізген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: