Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейліктер Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салады: Үкімет қаулысының жобасы

Ресей, Қазақстан, ЖЭО, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 10:25 Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметі қаулысының "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстанның аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімге қол қою туралы" жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім Тараптардың ынтымақтастық шарттарын Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша, жобалау, дайындау бойынша жұмыстарды орындауды қоса алғанда жобалардың әрқайсысы үшін талап етілетін және келісілген көлемде, сондай-ақ жеңілдікті қаржыландыруды немесе мемлекеттік экспорттық кредитті ұйымдастыру бойынша барлық талап етілетін жобалармен жүйелермен, ғимараттармен және құрылыстармен жаңа электр станцияларын салу және пайдалануға беру бойынша айқындайды.

Жобаларды іске асыруға жауапты уәкілетті ұйымдар:

  • Қазақстан тарапынан - Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы;
  • Ресей тарапынан - Бас мердігердің функциял арын жүзеге асыратын "Интер РАО" компаниялар тобына кіретін және өзінің қосалқы мердігерлері ретінде тиісті ұйымдарды тартуға құқылыосы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Интер РАО - Экспорт".

Жобалар мынадай кезеңдер шеңберінде іске асырылады:

  • № 1 кезең – электр станцияларын кейіннен қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мүмкіндігін ескере отырып, жобалардың әрқайсысы бойынша қажетті сараптамалар жүргізе отырып, жобалау құжаттамасын әзірлеу;
  • № 2 кезең – жұмыс құжаттамасын әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау, осы Келісімге қол қойылған күні Ресей Федерациясының аумағында қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес қазандық қондырғыларының экологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, генерациялайтын жабдыққа қатысты қызметтер көрсету;
  • № 3 кезең – жұмыс құжаттамасын әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес электр станцияларының экологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, газ тазарту жүйесіне қатысты қызметтер көрсету, оларды қазақстандық тарап жобаларға қатысты мерзімдерде айқындайтын және ұсынатын болады.

Жаңа электр станцияларын іске қосқаннан кейін тапсырыс беруші электр станцияларын пайдалануды және оларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық қызмет көрсетуді іске асырады.

Келісім энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауға бағытталған.

Қаулы жобасы 28 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: