Қазақстан ардагерлеріне 2025 жылы 12 миллиард теңгеден астам арнайы жәрдемақы төленді

9 мая, День Победы, ветеран, ветераны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 10:03 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2025 жылы ардагерлерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 12,6 млрд теңге төленген.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қазанға дейін елімізде 79 313 ардагер тұрады. Олардың ішінде:

  • 86 – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері;
  • 16 556 – соғыс ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар;
  • 26 587 – басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • 36 084 – тыл еңбеккерлері.

Аталған азаматтар санатына жыл басынан бері жалпы сомасы 12,6 млрд теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленген.

Барлығы 2025 жылға осы мақсатқа 17 млрд теңге қарастырылған.

Ардагерлерге республикалық бюджеттен төленетін ай сайынғы арнайы мемлекеттік жәрдемақы басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан беріледі.

2025 жылғы мөлшерлемелер төмендегідей:

  • Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері – 16 АЕК (62 912 теңге);
  • Жарақат, контузия, мүгедектік алған соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар – 7,55 АЕК (29 687 теңге);
  • Соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (24 339 теңге);
  • Ауғанстандағы және өзге елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқандар – 6,19 АЕК (24 339 теңге);
  • Шекараны қорғау, Ирактағы бітімгершілік миссиясы мен Таулы Қарабақтағы жанжалдарды реттеуге қатысқандар – 4,8 АЕК (18 874 теңге);
  • Тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (8 376 теңге).

Айта кетейік, 17 қазанда министрлік мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақылардың жалпы сомасын да жариялаған болатын — 2025 жылы бұл көрсеткіш 555 млрд теңгеден асты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: