"Тұман, қатты жел". Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Үсік жүреді, ауа райы болжамы, Қазақстан, 23 қазан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 22:25 Сурет: unsplash
Қазақстанның 16 облысында 23 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 23 қазанда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 23 қазанда түнде және таңертең тұман болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 23 қазанда таңертең тұман болады деп болжанады. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 23 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 23 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда да 23 қазанда тұман болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 23 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады,  екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да 23 қазанда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда да 23 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында да 23 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. 

Бұған дейін синоптиктер 23-25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: