"Қайрат" пен "Астана" матчына байланысты Алматының орталық көшелері бірнеше сағатқа жабылады

"Қайрат" – "Астана" матчы: Алматыда көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2025 12:13 Сурет: Алматы полициясы
Алматыда "Қайрат" – "Астана" матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәлімтенше, бүгін, 26 қазанда "Қайрат – Астана" футбол матчының өтуіне байланысты, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен — Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта (шығыс–батыс бағытында) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"Алматы қаласының полициясы азаматтарды қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

"Қайрат" пен "Астана" арасындағы чемпиондық тартыс бүгін, 26 қазан күні сағат 15:00-де өтеді. Алматы футбол клубы өз алаңында чемпиондық атағын қорғауға тырысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: