Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады

Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2025 19:31 Сурет: Instagram/catherine.connollytd
Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын", - деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: