Елімізде Алғашқы әскери даярлық пәніне бөлінетін сағаттарды арттыру жоспарланып отыр

Алғашқы әскери даярлық, пән, сағат  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:56 Сурет: Zakon.kz
Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев 2025 жылы 28 қазанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстан мектептерінде алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәніне бөлінетін сағаттарды арттыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Олжабаев қазір мектептерде Алғашқы әскери даярлық пәніне өте аз сағат бөлінетінін баса атап өтті.

"Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, АӘД бағдарламасын қарастыруда. Онда сағаттарды арттыру жайы да қамтылады. Сондай-ақ, әскери-патриоттық тәрбие беру және алғашқы әскери дайындық бойынша қосымша сабақтар өткізу жөнінде іс-шаралар да көзделеді", - дейді ол.

Айта кетсек, Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз теңіз жаяу әскерлерінде қызмет етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: