Астана мен Алматы және тағы сегіз қала тұрғындарына синоптиктер ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін бірден еліміздің 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтынан белгілі болды.
"2025 жылғы 30 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Темиртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, түнде Көкшетау қалаларында күтіледі",-делінген ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.
Бұған дейін 30 қазан күнгі ауа райына болжамын ұсынған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript