Синоптиктер Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 10:07 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер бұл туралы ескертті.

"2025 жылдың 2 шілдесінде Жезқазғанда, Алматыда, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2025 жылдың шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Демек, еліміздің кейбір аймақтарында +46°С-қа дейін өте қатты аптап ыстық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: