Қазақстанда қанша сотталғанға рақымшылық жасалды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 12:57 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сотталғандарға қатысты жарияланған рақымшылық мәселесіне орай редакцияның сұрауына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 30 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде 2 мыңнан астамы – әйелдер.

"Соттарға материалдарды жолдау процесі аяқталды, алайда оларды қарау сот органдарында әлі де жалғасуда. Сот шешімдері бойынша амнистияға ілінген 1770 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылды. Олардың ішінде 135-і – әйелдер", – деп хабарлады ҚР ІІМ.

Сонымен қатар, 2240 адамның жаза мерзімі қысқартылған, ал пробация қызметінің есебінде тұрған 2507 сотталған жаза өтеуден босатылды.

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" маманының мемлекетті шамамен 4 млрд теңгеге алдап соғып, шетелге тайып тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: