Амнистия аясында босатылғандар мемлекеттен қандай көмек ала алады

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 14:47 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Zakon.kz редакциясының сұрауына жауап бере отырып, бас бостандығынан айырылғандар қайта қоғамға бейімделуі үшін қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, жазасын өтеп шыққан азаматтарды тиімді реинтеграциялау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарылады және бұрын сотталған адамдардың өмірінің негізгі салаларын қамтиды.

"Қажет болған жағдайда оларға медициналық, құқықтық, психологиялық және өзге де көмек, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдем және өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға арналған бейімдеу орталығында орын беріледі", – делінген ІІМ хабарламасында.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 30 мыңнан астам сотталған адам бар, олардың ішінде 2 мыңнан астамы – әйелдер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: