Синоптиктер бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайтынын ескертті

Ластау, ауа сапасы, Атырау, 1 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 09:32 Сурет: pixabay
Синоптиктер Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 1 қарашада ауаның ластану деңгейінің жоғары болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат "Қазгидромет" РМК-ның сайтында жарияланды. 

"2025 жылғы 1 қарашада түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің бойында ұзақ жүрмеу ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.

Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК 1 қарашада Қазақстанның көптеген өңірінде тұрақсыз ауа райы күтілетінін болжаған.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: