Алматы мен еліміздің тағы жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Алматы, ауа сапасы, қолайсыз ауа райы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған,Теміртау, Қостанай, 30 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2025 09:12 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның сегіз қаласының тұрғындарын 2025 жылғы 30 қарашада ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 30 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Қостанай қаласында болуы мүмкін", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада , әсіресе жол бойы немесе басқа ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқартуға кеңес беріледі. Сонымен қатар, созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға сыртта болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер Астана мен еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: