Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Түтін, ауа сапасы, синоптиктер, Алматы, Астана, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Семей,, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2025 09:11 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2025 жылғы 11 қазанда Қазақстанның жеті қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 2025 жылғы 11 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының бойына немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін Қазгидромет" РМК синоптиктері 11–13 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, солтүстік өңірде қыстың алғашқы белгілері біліне бастайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: