Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Астана, Алматы, Ақтөбе, ауа сапасы, 5 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 09:35 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанның үш қаласында 2025 жылғы 5 қазанда ауаның ластануының жоғарылауы сынды фактордың орын алатынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеожағдайлар болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымырсық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының бойына немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 5 қазанда Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: