Жетісу полицейлері шетелдік туристердің қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуде

Центр оперативного управления департамента полиции, центр оперативного управления ДП, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, правонарушители, телефон полиции, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 09:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жетісу облысында полиция қызметкерлері шетелдік туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастырып жатыр.

Алакөл ауданының Достық станциясында аймаққа келген қонақтарға арнайы QR-коды бар ақпараттық карталар таратылуда. Бұл карталар туристерге интерактивті цифрлық сервистерге жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.

QR-код арқылы ашылатын картада қонақүйлер мен мейрамханалар, мәдени және тарихи нысандар, сондай-ақ тұрақты әрі қауіпсіз интернет ұсынатын байланыс операторлары туралы ақпарат қамтылған. Бұған қоса, такси шақыру қызметі де қолжетімді, бұл өңір ішінде қозғалысты анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.

Полицейлердің айтуынша, мұндай бастамалар Жетісу облысының туристік тартымдылығын арттырып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға септігін тигізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: