Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

Қазақмыс барлық өндірістік алаңдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесіне стратегиялық аудит жүргізетін JMJ Associates (АҚШ) халықаралық консалтингтік компаниясымен келісімшарт жасады., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 13:01 Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
Қазақмыс барлық өндірістік алаңдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесіне стратегиялық аудит жүргізетін JMJ Associates (АҚШ) халықаралық консалтингтік компаниясымен келісімшарт жасады.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев JMJ компаниясының өкілдерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады.

JMJ Associates (АҚШ) компаниясы қауіпсіздік саласында корпоративтік мәдениет пен көшбасшылықты дамытуға маманданған. Бірлескен жобаның мақсаты – Қазақмыстың барлық кәсіпорындарында адамның өмірі мен денсаулығы әрбір қызметкердің жеке құндылығына айналатын тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

"Біз бұл аудитті тек рәсімдік тексеріс деп емес, компанияның болашағына – қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жасалған стратегиялық инвестиция ретінде қарастырамыз", – деп нақтылады Нұрахмет Нуриев.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Қазақстандағы JMJ бөлімшесінің жетекшісі Ренат Сәлімғалиевтің сөзінше, жұмыс диагностикадан басталады: сұхбат алынып, өндірісте бақылау жүргізіледі және үдерістерге талдау жасалады. Бұл жүйенің артықшылықтарын және жетілдіруді қажет ететін бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба екі басым бағытқа негізделеді.

  • Қауіпсіздікке жеке жауапкершілікті қалыптастыру – жетекшілер үлгі көрсетеді, ал ұжымда сенім мен ашықтық атмосферасы қалыптасады.
  • Қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру – тәуекел факторы жойылып, ережені сақтау оны бұзудан жеңіл болатын жүйелі тәсіл енгізіледі.
"Жоба бірнеше жылға жоспарланған. Біз барлық деңгейдегі қызметкерлерді оқытамыз, ішкі көшбасшылар мен қауіпсіздік амбассадорларын дайындаймыз. Мақсатымыз – жоба аяқталғаннан кейін де компания ішінде қауіпсіздік мәдениетінің дамуын қамтамасыз ету", – деді Ренат Сәлімғалиев.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

JMJ компаниясында бұл ынтымақтастық қызметкерлер мен басшылық арасындағы сенімді нығайтып, жарақат алу мен оқыс оқиғалардың санын азайтатынына, ал қауіпсіздік күнделікті жұмыстың қалыпты бөлігіне айналатынына сенеді.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Нұрахмет Нуриевтің айтуынша, жобаға қатардағы басшыдан бастап, жоғары менеджментке дейінгі басқарудың барлық деңгейі қатысады. Аудит қорытындысында 2028-2029 жылдарға дейінгі қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге арналған ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленеді. Мақсат – ереже сақтауды автокөлікте қауіпсіздік белдігін тағу сияқты әдетке айналдыру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: