Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін жаңартты
Фото: pixabay
2025 жылғы 21 қазандағы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, тізім жаңа редакцияда бекітілді.
Жалпы тізімге 11 ауру түрі енгізілді, олардың қатарында:
- туберкулез;
- ВИЧ-инфекциясы;
- созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;
- қатерлі ісіктер;
- психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар;
- жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай ішінде);
- сирек (орфандық) аурулар;
- жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші аурулары;
- эпилепсия;
- цереброваскулярлық аурулар (инсульт және оның салдары, 1 жыл көлемінде).
Бұрынғы редакцияда әлеуметтік маңызы бар 13 ауру түрі болған, олардың ішінде қант диабеті, ревматизм және балалардың церебралды сал ауруы (ДЦП) бар еді.
Жаңартылған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript