Қазақстанның басты автожолдарының бірі боран салдарынан жабылды

Қазақстанның басты автожолдарының бірі боран салдарынан жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 22:58 Сурет: Zakon.kz
Республикалық маңызы бар «Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы» автожолының 159–238 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 5 қараша күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуіне ауа райының нашарлауы себеп болған. Қозғалысқа балама бағыт ретінде ескі Қордай асуы қарастырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға және жағдай тұрақтанғанша, шектеулер алынғанға дейін осы бағытта сапардан бас тартуға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: