Итбалықтар вирустық инфекциядан қырылған

Тюлень, тюлени, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 09:03 Фото: unsplash
Каспий теңізіндегі итбалықтар вирустық инфекциядан қырылған. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті хабарлады.

Өйткені жағалауды зерттеген мамандар итбалықтардың иммунитеті әлсіреп, шамамен 1 ай бұрын теңізде өлгенін болжап отыр.

Ал жағаға күшті дауылдың салдарынан шығып қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Еске салайық, 3 қараша күні Маңғыстауда Баутино мүйісінен 112 өлі итбалық табылған болатын.

Теңіз жағалауын бақылау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

"Бүгін жел, ауа райы әлі қолайсыз болып тұр. Ертең тағы да мониторингке шығамыз. Мониторинг күнделікті жүргізіліп тұрады. Мүмкін 112 дана деген сан өзгеруі де мүмкін. Қазіргі таңда анықталған 112 итбалық өлексесі жергілікті атқарушы органмен полигонға апарылып, жойылды. Қазір жағалау толықтай тазартылды." Қонарбай Базарбаев, облыстық Балық инспекциясы басқармасының басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: