Көлсай көлдеріне аққулар қонды: Тарихи сәт бейнежазбаға түсіріліп, желіде тарады
Сурет: Instagram/vkadre_kz
Қазақстандық тревел-блогер және видеограф Анзор Гасаев қар жамылған Көлсай көлдерін түсіру үшін Алматы облысына жол тартты. Ол сапар аясында ерекше көрініске куә болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қараша күні ол өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, түсірілім кезінде күтпеген сәтте оның қасына екі аққудың қонғанын айтты.
"Көлсайдың айнадай бетін жарып, аппақ екі аққу жүзіп барады – ертегі шынайы өмірге айналғандай", – деп жазды Анзор өз видеосының сипаттамасында.
Айта кетерлігі, бұған дейін Көлсай көлдеріне аққулардың қонғаны жайлы ешқандай дерек жоқ.
Бұл ерекше сәт көптеген қазақстандықтардың көңілін елжіретті. Ал кейбір жазылушылары аққулардың қонуын жақсылыққа бағалады.
- Көлсайда аққуды бірінші рет көруім!
- Киелі құс келді, қыс жайлы болмақ
- Қазан көтерердей қуаныш қой бұл)
- Алда тек жақсылық күтіп тұр, олардың келуі бекер емес!
- Аққудың мекеніне айналғай!
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр және боран күтілетіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript