"Үркер – 2025" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары қатарында Zakon.kz да бар

Үркер-2025, марапаттау, Астана, БАҚ, Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 20:13 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада "Үркер – 2025" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Аталмыш сыйлық баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандардың кәсіби жетістіктері үшін беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл сыйлыққа 400-ден астам өтініш келіп түсті. Шорт-листке 44 үміткер енді. Жұмыстар 11 номинация бойынша ұсынылды, оның ішінде "Жылдың үздік журналисі", "Үздік репортаж", "Үздік жаңалықтар сайты" және басқалары бар.

Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Сондай-ақ "Үркер – 2025" ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды.

Арнайы сыйлықты "Казахстанская правда" республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.

Дмитрий Беляков, Zakon.kz, бас редактор, Үркер - 2025, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 20:13

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, 2017 жылдан бері "Үркер" ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде "Үркер" естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.

"Үркер - 2025" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

  • Жылдың үздік сұқбаты: Бауыржан Карипов – Qaz365.kz ақпараттық агенттігі
  • Жылдың үздік репортажы: Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Майра Ерғали – "Атырау" газеті
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы: Илья Пащенко – "Казахстанская правда" газеті
  • Радиостанциядағы үздік жоба: "Нысана" – "Шалқар" ұлттық радиоарнасы
  • Жылдың үздік фотосуреті: Игорь Бургандинов – "Казахстанская правда" газеті
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Adyrna ұлттық порталы
  • Үздік өңірлік БАҚ: "Астана ақшамы" газеті
  • Жылдың үздік подкасты: Qstar Group
  • Жылдың үздік YouTube-арнасы: Эксперты KZ.

Zakon.kz сайтының редакциясы әріптестерін алған марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейді.

Айта кетсек, "Қайрат" сапындағы Дастан Сәтбаев мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: