Алматыда Toyota жүргізушісі жол қозғалысын реттеушіні қағып кетті

Алматыда Toyota жүргізушісі жол қозғалысын реттеушіні қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2025 14:40 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 7 қараша күні Алматының Бостандық ауданындағы көлік қозғалысы көп қиылыстардың бірінде жүргізуші реттеушіні қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қосымша мәлімет таратты.

Белгілі болғандай, Toyota көлігінің жүргізушісі Желтоқсан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта жүріп, Сәтбаев көшесіне бұрылған кезде, жолдың жүріс бөлігінде тұрған және қозғалысты қолмен реттеп тұрған жол-патрульдік полиция қызметкерін қағып кеткен.


"Жол-көлік оқиғасы салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды", - деп хабарлады полиция.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, реттеушіге медициналық тексеру жасалып, дәрігерлер оны үй жағдайында емделуге жіберген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: