Алакөлде инфрақұрылымды ауқымды жаңарту басталады
Фото: wikimedia/Мирсаитов Ислам
Абай облысының әкімі Берік Уали 2025 жылғы 11 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алакөлді дамыту бойынша генеральдық жоспар әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір басшысының сөзінше, биыл Алакөл жағалауында демалушылар үшін қолайлы жағдай жасау және инфрақұрылымды дамытуға нақты шаралар қабылданған.
"Әрине, бір маусымда жинақталған инфрақұрылымдық мәселелерді шешу мүмкін емес. Дегенмен, Алакөл жағалауында туристер үшін жағдай жасалып, инфрақұрылымды дамытуға шаралар қабылданды. Аймақ құрылғаннан бері жағалауда жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, биыл облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Қабанбай ауылында құтқару станциясы мен өрт бөлімі құрылысын басталды. Қазіргі уақытта туристік аймаққа жаңа электр желісін және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде", – деді Берік Уали.
Әкім жағалауды жүйелі және сапалы дамыту үшін жаңа генеральдық жоспар жасалып жатқанын атап өтті.
"Жоба аясында 1000 гектардан астам демалыс және туристік аймақтар, сондай-ақ рекреациялық, қоғамдық-кәсіпкерлік және тұрғын аудандар дамытылады. Арнайы назар транспорттық қолжетімділік, инженерлік инфрақұрылым және экологиялық тұрақтылыққа аударылады", – деп атап өтті ол.
Берік Уалиның айтуынша, генеральдық жоспар ішкі туризмді дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс жағдайын жақсарту сияқты стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған.
"Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қабанбай ауылы мен Алакөл жағалауының аумағы біріктіріліп, игерілген жер 3000 гектарға дейін ұлғаяды. Бұл Алакөлді өңірдің жетекші туристік орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Жағалау аймағын дамытудың басты бағыттарының бірі – Алакөл емдеу-сауықтыру кешенін салу жобасы, оған Әзербайжан Республикасының инвесторлары қатысады. Бұл жоба бойынша екі мемлекет басшысы 21 қазан күні келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын бекіту жұмыстары келісіліп жатыр", – деді Берік Уали.
Бұған дейін Қазақстан мен Израильдің су ресурстарын басқару саласында ынтымастыққа келгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript