Қазақстандағы вокзалдарды жөндеу: Бектенов әкімдерге жеке жауапкершіліктерін еске салды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезда, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 16:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің 2025 жылғы 11 қарашадағы отырысында Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы биыл теміржол вокзалдарын жаңғырту және қайта құру жұмыстары басталғанын еске салды. Оның айтуынша, қысқа мерзім ішінде мердігерлер анықталып, олармен әкімдіктер үшін де, мердігерлер үшін де қолайлы "кілтті табыс ету" шарттарымен келісімшарттар жасалған.

"Бұл тапсырманың уақтылы орындалуы үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдады. Алайда, кейбір әкімдіктер құрылыс барысын жеткілікті деңгейде бақыламай отыр. Мерзімдердің бұзылу қаупі Ақмола, Жетісу, Абай, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жоғары. Маңғыстау облысында бір вокзалдағы жұмыс кестеден қалып келеді. Ал Алматы қаласында Алматы-1 вокзалын жаңғырту жұмыстары созылып кетті. Мұны әкімдіктердің жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы деп есептеймін", – деді Ольжас Бектенов.

Премьер-Министр барлық құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы түрде аяқтауды тапсырды.

"Берілген тапсырманың орындалуына жеке жауапкершілік жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының мойнында", – деді Ольжас Бектенов.

Бұған дейін Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: