Астанада адамдарға үйдің қасбеті құлаған оқиға: фельдшердің жағдайы әлі де ауыр
Фото: pexels
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов 2025 жылғы 12 қарашада Мәжіліс кулуарында Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде зардап шеккен фельдшердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, науқастың жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.
"Жағдайы ауыр, біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", – деді Оспанов.
Әлеуметтік желілердегі жазбаларда әйелге трепанация жасалды деген ақпарат тараған. Алайда бұл дерекке қатысты вице-министр нақты пікір білдіре алмады.
"Нақты айта алмаймын, бірақ жағдайы ауыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – деп толықтырды ол.
Еске салайық, 9 қараша күні Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлаған сәтте жедел жәрдемнің екі қызметкері жарақат алған болатын. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов сол кезде зардап шеккен әріптесін "біздің заманның қаһарманы" деп атаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript